Түнде кәмлетке толмаған балалар ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрмеуі тиіс. Сондықтан Таразда "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Нәтижесінде 7 жасөспірім, оның ішінде 5-уі түнде ұсталып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жеткізілген.