Елде заңсыз шығарылған активтер есебінен 400-ден аса нысан салынады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады. Мұндай жұмыстар Жамбылда да жүргізілуде. Мәселен, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 2023-2024 жылдарға 12,4 млрд теңге бөлініп, 10 мектеп бой көтерді.