Жамбыл облысының қорғаныс істері департаменті әскери міндеттілер үшін 30 күндік оқу-жаттығу өткізеді. Онда запастағы лейтенанттар негізгі әскери пәндер бойынша білімдерін жетілдіреді. Осыған орай 192 сарбазға арнайы іс-шара ұйымдастырылды.