ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 шілдеде, Астана уақытымен сағат 14:30-да жер сілкінісін тіркеді.Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында. Аталған оқиға бойынша ТЖМ командалық орталығының базасында жедел штаб құрылды.