Байзақтағы 28349 әскери бөлімінде орын алған жарылыстан қаза тапқан Бауыржан Дәуітбаевты еске алу кеші өтті. Кездесуге марқұмның ата-анасы, жұбайы, туыстары мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері қатысты. Еске алу кешінде Бауыржан Талғатұлы жайлы жылы естеліктер айтылып, оның қызметтегі ерлігі мен адалдығы сөз етілді.