Тараз қаласының «Әулие-Ата» ауданына қарасты Қызыл Жұлдыз алқабында былтыр құрылысы басталған дәрігерлік амбулатория бүгін қолданысқа берілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев медициналық нысанның ашылу салтанатына қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.