Баланы дамытудың негізгі құралдарының бірі – ойын. Олардың жан-жақты дамуына көмектесетін маңызды құрал болғандықтан, ойынның маңызы ерекше. Ойын барысында бала қоршаған ортаны тереңірек танып, түрлі дағдыларды игереді және өз өмірінің әртүрлі аспектілерінде әдеттерін қалыптастырады. Осы орайда, Тараздағы №33 балабақшада «Ұлттық, экологиялық ойындарды цифрлық ортада қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті.