Бейбіт халыққа бүлік салған фашистік басқыншылармен болған шайқаста ерліктің ерен үлгісін көрсеткендердің қатарында Ағәділ Сухамбаев та бар. Жауған ажал оғына қаймықпастан қарсы шығып, жауды қырғынға ұшыратқан жамбылдық жауынгердің қайталанбас қаһармандығы өшпес мұра, өлмес өнеге. Небәрі 24 жасында қан майданда Отан үшін опат болған майдангердің туғанына биыл 105 жыл толады. Бүгінде көптеген көшелер, мектептерге Ағаділ Сухамбевтың есімі берілген.