Таразда «Aulieata book» республикалық кітап фестивалі өтті. Аталған іс-шара 23- сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған. 2 күнге созылатын іс-шарада әлі сиясы кеппеген кітаптардың тұсауы кесілді. Кітап фестиваліне белгілі ақын-жазушылар, баспа өкілдері мен кітапсүйер қауым қатысты.