Негізгі Жаңалықтар 10 күнге жалғасқан Наурызнама

10 күнге жалғасқан Наурызнама

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Биыл да бұл игі үрдіс өзінің дәстүрлі жалғасын тапты. Киелі Әулиеата өңірінде де той-думан Наурыздың 14-ші жұлдызынан басталды. Амал мерекесі қайырымдылыққа, ата-баба рухына тағзым ету, көріктендіру мен көгеріштендіру сынды ізгілікті істерге ұласып, ал 21-22 Наурызда жер-жерде ақ шаңқан үйлер сап түзеп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.


Бөлісу