Наурыз мерекесіне орай "Жібек Жолы" бағыты бойынша саяхатқа шыққан отарба Таразға келді. Оған мінген жолаушылар 20-25 наурыз аралығында мерекені бірден 2 елде яғни, Қазақстан мен Өзбекстанда атап өтетін болады. Биылғы жылғы бағытқа Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі – Тараз қаласы қосылды. Халықаралық турға қатысушылар ежелгі қаланың көрікті жерлерін көріп, олардың тарихымен танысты.