Таразда тозығы жеткен тарихи қамал құлап қалды. «Төрткүл» керуен сарайы еліміз бойынша жалғыз ашық аспан астындағы музей-қамал саналады. Бірегей нысанның бір қабырғасы опырылып, қалған бөлігі қаусап тұр. Ал айналасында жеке тұрғын үйлер жапсарлас салынғандықтан тұрғындар үйіндісі үйімізге құлай ма деп үрейленіп отыр.