Ел дамуына елеулі үлес қосқан нәзік жандылар қашанда сый-құрметке лайықты. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылында тұратын Гүлжаһан Мұхамеджановаға арнайы құттықтау жолдады. Бұл марапат темір жол саласында еңбектенген жан үшін үлкен мәртебе болды.