Қазынадан бөлінген млрдтаған субсиядияның арқасында Тараздағы қоғамдық біртіндеп болса да жаңаруда. Бүгін қаланың автопаркі тағы 13 автобуспен толықты. Демек, қыста суық, жазда ыстық, көк түтіні будақтаған ескі автобустар енді азая түспек. Халыққа жайлы қызмет – бізге міндет деген өңір басшылары жаңа автобустарды жүргізушілерге салтанатты түрде табыс етті.