Жыл басынан бері Жамбыл облысында 54 өрт оқиғасы тіркелген. Мұндай қайғылы жағдайлар тек материалдық қана емес, адам шығынына да әкеп соғады. Алайда, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы бұл оқиғалардың алдын алуға болады. Осыған орай, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен профилактикалық іс-шара өткізді.