Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл заң нормасы қоғамда қызу талқылынып, көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Әділет вице-министрі бұл талаптың қандай жағдайда қайта қаралатынын түсіндірді. Ботагөз Жақселекованың сөзінше, егер бұл мәселе депутаттар тарапынан көтерілсе, қайта қаралады. Кеше Мәжілісте көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты нормаға қарсы шығып, депутаттық сауал жолданған болатын. Ал, Ішкі істер министрлігі бұл талаптың 20 жылдан бері бар екенін еске салған еді.