Үкімет бюджет-салық және тариф саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр. Бұл туралы Олжас Бектенов мәлімдеді. Жаңа жобаға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Осылайша, Үкімет арнайы сарапшылар тобымен бірлесіп, жаңа тәсілдерді жан-жақты талқылауы қажет. "Әсіресе, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар мәселе бар", - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, министрлерге "қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет" деп талап қойды.