Тәуелсіздікті нығайтуға барша қазақстандықтармен бірге жамбылдықтар да лайықты үлес қосты. Бүгінде Әулиеата өңірі даму жолына түсіп, өзінің әлеуетін көрсетті. Биылғы жылды да жемісті аяқтағалы отырған аймақтың алдағы жоспарлары да жарқын.

Энергияның баламалы көздерін дамыту бойынша Қазақстандағы көшбасшы өңірлердің бірі саналатын Жамбыл облысы саланы дамыту бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр, шетелдік инвесторларды тарту ісінде де басымдық беріп келеді.