Құқықтық мемлекетте адам құқығы аяққа тапталмауы тиіс. Демократиялық, зайырлы ел саналатын Қазақстанда бұл мәселе басты назарда болғаны абзал. Бұл туралы Президент жуырда ғана өткен ҚР ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс, – деді Президент.