Мәдениет саласында 815 млн теңгеге жуық қаражат тиімсіз жұмсалған. Мұндай фактіні мемлекеттік аудит бөлімі анықтап отыр. Құзырлы орган қызметкерлері облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен оған бағынысты жекелеген мекеме мен кәсіпорындардың қызметіне, сондай-ақ, мәдениет нысандарының құрылысына қарастырылған қаражаттың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізген. Жүздеген миллион теңгені бақылаудан шығарып алған басқарма басшысының орынбасары әкімшілік жазаға тартылды.