Ұлттық қордан алынатын қаражат ондағы түсімдерден асып кеткен. Бұл жайлы Мәжілісте өткен республикалық бюджетті нақтылау кезінде айтылды. Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Десе де, депутаттар қазіргі экономикалық көрсеткішпен мұны іске асыру қиын деп есептейді.