ТМД мемлекеттері арасында еркін сауда айналымы болуы керек. Бұл ұйымға мүше елдердің өзара тауарайналымы мен бірлестіктің бәсекеге қабілеттігін арттыра түседі. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгін ТМД елдері басшыларының саммитінде осылай деді. Әрі алдағы уақытта Тәуелсіз мемлекеттер достастығы жәрмеңкесін өткізуді ұсынды. Тіпті алғашқысы тарихи шаһар Тараз төрінде өтуі мүмкін.