Қазақстанда атом электр стансасы құрылысын дауысқа салған жалпыұлттық референдум аяқталды. Еліміз бойынша 7 820 918 азамат дауыс берді. Сарапшылардың айтуынша, бұл – жоғары көрсеткіш. Тұрғындар елдегі мәселелерге бейжай қарамай, жауапкершілікпен белсенділік танытты.