Сарапшылардың пікірінше, атом электр станциясын салу - атмосфераға тарайтын зиянды заттардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Қазір елдің энергетика өндірісі көмір отынын кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар, ғалымдар атом электр станциясы энергия өндіру қарқынын арттырып қана қоймай, оның құнын да төмендетеді деп санайды.
Осылай деген халықтық штаб өкілдері Байзақ ауданындағы кәсіпорындарға барып, халықпен кездесті. АЭС салудың артықшылықтары мен пайдасын айтты.