Мемлекет басшысы халыққа арнаған өз жолдауында айрықша тоқталған мәселенің бірі жол болды. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуден өтуде,-деген Президент үкіметке бұл бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырды.
Жол салу мәселесі шеткері жатқан ауыл-аймақтарды қамтуда. Мәселен Мойынқұм ауданына қарасты Ұланбел ауылында биылдың өзінде 5 көше жөнделсе, қалған екеуі биыл бітпекші.