Сондай-ақ жолдауда мемлекет басшысы елімізде тіліне, дініне, ұлтына қарай ешкімге ешқандай қысым жасалмайтынын айтты. Әрі ел ішіне ақшаға бола іріткі салып, алауыздық туғызғысы келетіндерге қатаң ескерту жасады. Мемлекет басшысының айтуынша Қазақстанға орынсыз шүйлігетіндер қоғамға да билікке де еш әсер ете алмайды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев білім, медицина және әлеуметтік салалардағы мәселелерге тоқталып, оң өзгерістер жайлы айтты. Айта кетейік, биылғы Жолдауды тыңдауға өңірлерден қарапайым еңбек адамдары, қоғамдық кеңестің мүшелері мен волонтерлар келді.