Бүгінде интернет алаяқтарының құрығы мен айласы сан түрлі. Бұл тек біздің елімізде емес, әлемдік аренада үлкен мәселеге айналған. Сарапшылардың есептеуінше, әлемде кибер алаяқтықтан 5 триллион 4 миллиард доллар шығын келген.

Жамбылдағы жағдайға оралсақ. Жақында ішкі істер департаментінің соңғы алты айдағы қорытындысында: алаяқтықтың барлық түрлері 10,8%-ға төмендеген – деп, ресми мәлімдеме жасалды. Ал, қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше осы жарты жылдықта азаматтар 45 млн теңгеге зардап шеккен. Бұл нербәрі қаржылық пирамидамен құрықталған қаражат.