Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы өңірде қызу қолдау тауып, күн сайын тиісті шаралар атқарылуда. Бұл экологиялық акциясы жыл бойы жүзеге асады.

Өңірдегі белсенді жастар шаһардағы «Қарасу» каналының маңын жинады. Игі іске ерікті жастар, студенттер мен қызметкерлер атсалысты.