Биыл Жамбыл облысында 11 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Оған бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінген. Осылайша, облысты газдандыру көрсеткішін 92,4 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Ал жақында ғана Сарысу ауданында орын алған оқыс жайттың зардабын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Осы және өзге де мәселелер аймақтың ақ үйіндегі аппарат кеңесінде талқыланды.