Облыстық қоғамдық кеңес өкілдері бүгіннен бастап облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қоғамдық мониторинг жүргізу жұмыстарын бастады. Оған сәйкес аталған басқармаға қарасты бірқатар мекемелер жұмысына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар жолданатын болады.