Жамбылдық Мұхит-Ардагер Сыдықназаров «Қазақстанның ізгі ниет елшісі» атағына ие болды. Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет қолға алынған бұл жобада құландық зерттеуші-ғалымның да құрметтілердің қатарынан табылғаны қуантты.

Жоба тек елге ғана емес, шет мемлекеттерге де танымал болған отандастарымызды тарту арқылы мемлекетіміздің оң имиджін әрі қарай қалыптастыру, танымалдығын арттыру және заманауи Қазақстанның жетістіктерін дәріптеуге бағытталған. Ал Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы қазақ мемлекетінің көне карталарын тауып, тыңнан түрен салған тұлға.