Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Шайқорық ауылындағы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған дәрігерлік амбулаторияға барып, облыс орталығына жақын маңда орналасқан Айша бибі ауылындағы Super-Рharm медициналық бұйымдар өндіретін зауытының қызметімен танысты.

Өңірде нақтылы кезеңде 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 20-сы Ұлттық жоба шеңберінде салынуда. Оның ішінде дәрігерлік амбулаториялар, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер бар. Осы жұмыстың нәтижесінде облыстағы медициналық мекемелердің тозуы 40,3%-дан 36,5%-ға дейін төмендейтін болады.