Елді-мекендерде еселі еңбектерімен көзге түсіп жүрген жандар жетерлік. Олардың бірі кәсіпкерлікпен айналысып, аула маңынан кіші өндіріс цехтарын ашса, енді бірі төрт түліктің көсегесін көгертіп мал басын артыруда.
Олардың қатарында ұлттық сусынымызға ден қойып, халықты қысы-жазы қамтамасыз етіп жатқандар да бар.