Жолдың арғы бетіне өту үшін 30 шақырым жерді айналып келу керек. Осылайша шағымданған Шу ауданы Тасөткел ауылының тұрғындары айналма жол сұрайды. Себебі, жаңадан салынып жатқан дәу жолдан ары бері өту мүмкін болмай қалайын деп тұр.

Ауыл жолдың бергі бетінде болғанымен егістік және жайылым алқаптары жолдың арғы бетінде қалып қойған.