Соңғы бес жылда 2 млрд теңгеден астам субсидия жымқырылған. Бұл 78 қылмыстық іс. Ең көп дерек 2021 жылы тіркелген, нақтыласақ 25. Ал, өткен жылы 6 факт тіркеліп, іс қозғалған.

Келтірілген залал толық өтелген көрінеді. Оқиғалардың барлығы дерлік ауыл шаруашылығына қатысты. Бүгін экономикалық тергеп тексеру департаменті брифинг алаңында осындай ақпараттарымен бөлісті.