Таразда полицейлердің баланы құтқарған ғажайып сәті бейнетаспаға жазылып қалған. Айша бибі көшесінің бойында мектеп маңындағы ағын суға 2 жасар бала құлап кеткен. Баланың бағына орай сол маңдағы кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат оны судан алып шығады.

Сәби ес түссіз жатқан сәтте тәртіп сақшылары жедел жеткен. Боран-3 автоэкипажы оқиға орнына келіп, алғашқы көмек көрсетіпті. .