Жер аумағы 144,3 мың шаршы метрді алып жатқан Жамбыл облысының көптеген аудандары ілгеріде Оңтүстік Қазақстанның құрамында болғанын біреу білсе, біреу білмес. Красногор, Қордай және Шу аудандары болса Алматы облысыныкі еді. Бертін келе, 1939 жылы қазан айында біздің өңір жеке облыс болып құрылды.

Ел тарихымен тамырлас өлкеде содан бері талай оқиға өтті. Жаңа облыстың аяқтан тұрып, дамуға бет бұруы үшін ерен еңбек пен терең ой һәм күш жұмсалды.