Таразда тұңғыш рет аспаздар фестивалі өтті. Еліміздің әр аймағынан келген аспаздар өзара тәжірибе алмасып, ұлттық тағамдарымыз дәріптелді.

«Көне Тараз» кешеніне жиналған қатысушылар 1 тонна бауырсақ пісірді, тұрғындарға тегін наурыз көже таратылды. 100-ге тарта аспаз әзірлеген 100 келі шұжық Қостанай облысына жөнелтілді.