Ауылда еселі еңбегімен көзге түсіп, өз ісін өрістетіп отырғандар да жетерлік. Олардың ішінде асылтұқымды малға ден қойып, жұмыстарын жандандыра бастағандар да жетерлік.
Мәселен Меркі ауданы Қостаған ауылының тұрғыны Нұрбол Мырзаханов сүті мың да бір ауруға ем, әрі адам ағзасына пайдалы «Заанен» тұқымды ақ ешкі бағуды қолға алыпты.