Қызыл судан зардап шеккен елді- мекен тұрғындарына гуманитарлық көмек әр өңірден жөнелтілуде. Онымен қоса мұндай қысылтаяң тұста рухани қолдау да аса қажет.

Сенделіп, сергелдеңге түскен тұрғындардың рухын серпілтуге ниеті бар ақын-жазушылар бүгін бас қосты. Белгілі айтыскер ақын Мұхтар Нязовпен арнайы кездесу ұйымдастырып, рухани ой өрбітті.