Елімізде 1,6 млн адам несиесін өтей алмай жүр. Олардың банк алдындағы берешегі - 1,7 трлн теңгені құраған. Әсіресе, микрокаржы ұйымдарынан ақша алып, төлемей жүрген жас көп. Дегенмен енді өзгерістерге сәйкес табысы жоқ студенттерге кредит берілмейтін болды.
Мамандар бұл мәселенің өршуінің себебін қаржылық сауаттылықтың жоқтығымен байланыстырады. Ал, негізінен несие алмаудың жолы қандай, қаражатты отбасында кімнің ұстағаны дұрыс, жұртшылықтың пікірі қандай.