Алыпсатарлық пен қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек! Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс науқаны кезінде шаруаларды қажетті дизельмен қамтамасыз етуді тапсырды. Дала жұмыстарына дайындық мәселесі бүгін Үкімет отырысында қаралған болатын. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша биыл 23 миллион гектар аумаққа егін егілмек. Бұл былтырғыға қарағанда әлдеқайда аз.