Көктемнің алғашқы мерекесі алғыс айту күні. Бұл мейрам елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде тойланып келеді. Осыған орай, Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов кітапханасында мерекелік жиын өтті.

Онда түрлі ұлт өкілдері бас қосып ашаршылық жылдарындағы Қазақ халқының мәрттігі мен екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі ұлтымыздың ерлігін айтып, жастарға өнеге етті.