Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, Рахымжан Отарбаевтің «Айсырға» әңгімесінен алынған «Құсалық» қойылымы қайта сахналанды. Ерекше форматта өткен драманы, бұл жолы жамбылдық көрермен емес, қарымды қаламгердің жұбайы мен балалары, қарындасы және достары тамашалады.