Тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы жақсы болуы тиіс. Осы мақсатта облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, былтырдың өзінде осы салаға байланысты 55 өтініш келіп түссе, оның 30 жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты. Бүгінгі өткен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жиында осы сияқты бірқатар мәселелер айтылды.