Меркі ауданында «Жастарға кеңес» жобасы іске қосылды. Осыған орай, жастарды жұмысқа орналасуға жәрдем беру, жастарға кәсіпкерлік, психологиялық, діни және заң көмегін көрсету, мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультативтік көмек беру мақсатында кеңес беру іс-шарасы өткізілді. Кеңес алаңына 160-тан астам аудан жастары қатысты.