«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Отбасым – қорғаным» тақырыбында квест танымдық ойыны өтті. Қоғамда отбасылық қарым-қатынастың оң бейнесін қалыптастыруды көздеген мұндай танымдық ойын облыс көлемінде тұңғыш рет өткізілді.

Елімізде баламасы жоқ ерекше форматта өткен квестке орталықтың «Тырнақ әрлеу шебері», «Бет әрлеу шебері», «СММ» және «Аспаз» курстарының қатысушылары 4 топқа бөлініп, белсенділік танытты.