Шағын кәсіпке грант алу үшін өтінім қабылдау 22- қыркүйекке дейін жалғасады. Мүмкіндігі шектеулі және көп балалы үйде отырған аналар үшін мемлекет грант тағайындап, кәсіп ашуға мүмкіндік беруде.

Осы орайда қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп отырған әлеуметтік осал топтағы азаматтар Әулиеата өңірінде де бар. Олардың дені тігін, жылыжай, жартылай фабрикатты өнімдер даярлап, кәсіп етсе, енді бірі арнайы массаж орталығын ашып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.