Таразда пияз жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге еліміздің әр аумағынан арнайы келген ауылшаруашылығы мамандары, тұрақтандыру қорларының өкілдері, сондай-ақ, өзге де сала қызметкерлері өңірдің пияз өсірудегі мүмкіншіліктермен танысты.

Негізгі мақсат: өзге өңірлермен сауда-саттықты нығайтып, арзан әрі сапалы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау.