Бүгіннен бастап облыс орталығында «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өтуде. Аталған көрмеге шет елден 250-ге жуық қолөнерші келген.

Еске салсақ, қолөнершілер қалаларының дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бері қалыптасқан. Бүгінгі таңда бұл тізімге әлемнің 25 мемлекетінен 57 қала еніп отыр. Ал қасиетті Тараз -Қазақстан бойынша осы тізімге енгізілген ең алғашқы қала.